АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Австриялық тарихшы Адольф Гитлердің аспазы Констанция Манциарлидің хаттарын жариялады. Онда фюрердің қандай тағам жақсы көргені және өлер алдында кешкі аста не жегені жазылған, деп хабарлайды РИА Новости.
Әйел Гитлердің аспазы болуды еш ойламағанын жазады, бұл жұмысқа кездейсоқ келіпті. Манциарлидің жазуынша, ол нацистерге жұмыс істегісі келмеген, бірақ сотталып кетуден қорқып, бас тарта алмаған.
Аспаздың естеліктеріне сүйенсек, Гитлер негізінен диета ұстаған және ет жемеген. Алайда Манциарли пісірген бәліш оның сүйікті тағамының бірі болыпты.
Хатта жазылғандай, 1945 жылдың 30 сәуірінде әйелді Гитлердің бункеріне шақырып, соңғы кешкі ас – қуырылған жұмыртқа мен картоп пюресін дайындауды бұйырған.
Манциарли фюрердің өз-өзіне қол жұмсағанын алғашқылардың бірі болып білді, деп хабарлайды басылым.