АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Италияның Сало қаласында белгісіз біреужергілікті музейде ілініп тұрған Адольфа Гитлердің туындысына тап берді, деп жазады РИА Новости.
Шамамен 40 жастағы ер адам "Жексұрын!" деп айғайлап, қолындағы темірмен суретті теспек болады, бірақ күзет келіп үлгереді. Картинаны теспесе де, бірнеше сызат салған ер адам музейден кетіп қалған.
Туындының иесі, неміс коллекционері зиянның көлемін бағалай келе, шағым түсіруден бас тартады.
Картина Museo della Follia музейіне Гитлер салған басқа да картиналармен бірге ілінген.
Ер адам бүлдірмек болған суретте қараңғыда тұрған екі адам бейнеленген. Оң жақта төменде автордың қолтаңбасы тұр. Картинаның атауы мен қай жылы салынғаны белгісіз.