Өңірлер

Оралда әйел жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, екі аяғын сындырды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАстанада лық толған автобус
Астанада лық толған автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автопарк директоры жолаушының жарақатына қатысты полицияның мәліметтерін жоққа шығарып отыр

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Орал қаласында әйел жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, екі аяғын сындырды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Басылымның ақпаратынша, №22 бағдарлы автобустың жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен келе жатқан. Циолковский аялдамасында жолаушыларды түсіргеннен кейін көліктің есігін жаппаған. 

Астанада автобустың кесірінен он көлік жол апатына ұшырады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада автобустың кесірінен он көлік жол апатына ұшырады
"Салдарынан 56 жастағы әйел автобустан түсіп қалып екі аяғын сындырды", — деп мәлімдеді БҚО ІІД-ден. 

Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. 

"Батыс Қазақстан автобус паркі" ЖШС директорының орынбасары Александр Цесько мұндай оқиға болмағанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0