Қоғам

"ЭКСПО-2017" көрмесі аумағындағы мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО аумағындағы Нұр Әлем павильоны
ЭКСПО аумағындағы Нұр Әлем павильоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қараша айының 25-26 күндері мұнда отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалуға келуге болады – кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағында мұз айдынына алдағы екі күнде 50 пайыздық жеңілдікпен кіруге болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиаорталығы. 

ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатындағы отшашу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-ның екінші тынысы ашылмақ: елорданың бас шыршасы, мұз айдыны және "Нұр Әлем"
"Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағында ең үлкен ашық мұз айдыны жұмысын бастады. Қараша айының 25-26 күндері мұнда отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалуға келуге болады – кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған", — деп жазылған хабарламада. 

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері – сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

Қосымша ақпарат және билеттер туралы www.kassir.kz сайтынан біле аласыздар.


Жаңалықтар
0