АCТАНА, 7 қараша — Sputnik. 11 қарашадан бастап Астанадағы дүниежүзілік көрме нысандары қайта ашылады. Бұрынғы ЭКСПО аумағындағы бағдарламалар мен тосынсыйлар туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері әңгімелеп берді.
Не? Қайда? Қашан?
ЭКСПО-ның ашылу салтанаты 11 қараша күні сағат 11.00-де өтеді.
ЭКСПО аптасына алты күн ашық болады, дүйсенбі демалыс. Жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сфераға (Нұр Әлем) кіруге арналған билет құны – 1 500 теңге. Мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге жеңілдік қарастырылған: зейнеткерлерге — 500 теңге, студенттерге — 800 теңге. Алты жасқа дейінгі балалар мен халықтың жеңілдік берілген санатындағы азаматтар ЭКСПО нысандарын тегін тамашалай алады.
ЭКСПО-ның аумағына кіру тегін. Автотұрақтың алғашқы үш сағаты тегін, одан кейін әр сағатқа 100 теңге төлейсіз.
Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағына көшіріліп, Сфераның іргесіне орнатылады.
11 қарашдан бастап ЭКСПО аумағында мұз айдыны ашылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сырғанау құны өте арзан болмақ, төрт сағатқа созылатын сеансқа мың теңге төлейсіз. Конькиді жалдау құны да мың теңге. Алты жасқа дейінгі балаларға тегін болса, оқушылар мен зейнеткерлерге 50% жеңілдік қарастырылған.