Саясат

Мендкович: Жээнбековке Қазақстанға қатысты мәселелерді шешу оңай болады

© Sputnik / Александр Натрускин / Медиабанкке өтуЕуразия аналитикалық клубының басшысы Никита Мендкович
Еуразия аналитикалық клубының басшысы Никита Мендкович - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшының пікірінше қазіргі таңда өзекті экономикалық мәселелердің бірі Қазақстанмен шекарадағы дағдарыс болып отыр

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Еуразия аналитикалық клубының басшысы Никита Мендкович Sputnik-ке берген сұхбатында Қырғызстанның жаңа басшысы Қазақстанға қатысты мәселені шешуде қандай шаралар қолдануы мүмкін екенін айтты.  

Қырғызстандағы гидроэлектростанция - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қырғызстан елімізге су жіберуді тоқтатуға қауқарлы ма?
"Бұл шынымен де кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Көрші елдермен және ЕАЭО бойынша одақтастарымен қарым-қатынасын дұрыстауы керек. Қазіргі таңда өзекті экономикалық мәселелердің бірі осы Қазақстанмен шекарадағы дағдарыс болып отыр. ол өткен кезеңде саяси шиеленістердің салдарынан туындады. Қырғызстандық жүктің шекараны қиып өтуі қиындап кетті", — деді Мендкович. 

Оның пікірінше, жанжал Назарбаев пен Атамбаевтың жеке қарым-қатынасымен тығыз байланысты болғандықтан, бәрін "таза" парақтан бастайтын жаңа президентке бұл қарама-қайшылықты шешу оңай болады.    

 

Жаңалықтар
0