Саясат

Қырғызстан елімізге су жіберуді тоқтатуға қауқарлы ма?

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚырғызстандағы гидроэлектростанция
Қырғызстандағы гидроэлектростанция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алмазбек Атамбаев жақында шекарадағы жағдайды реттеу үшін Қырғызстанға "Қазақстанға су жіберуді екі күнге тоқтатса жеткілікті" деп мәлімдеген еді

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың суды тоқтату жөніндегі сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Атамбаев соңғы баспасөз мәслихатында "Қазақстанға су жіберуді екі күнге тоқтатса жеткілікті – бірден шекарадан өткізе бастайды" деп мәлімдеген еді. 

"Біріншіден, бұл шешімді Қырғызстан ғана қабылдай алмайды, өйткені трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша халықаралық құқық бар. Қырғызстан бұл ережелерді бұзбауы тиіс. Екіншіден, біз жыл сайын өзіміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін вегетация кезінде қажетті су қорымен қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шараларды қолға алып отырмыз", — деді Мырзахметов БАҚ өкілдеріне. 

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Атамбаев жайлы: бәрі түсінікті болды, сауығып кетуін тілейміз

Оның айтуынша, Қазақстан ғана емес, өзеннің сағасындағы Өзбекстан да белгілі бір көлемде Қырғызстан жіберетін суға тәуелді. 

"Егер Қырғызстан су бөлу бойынша басқа шешім қабылдайтын болса, ол Өзбекстанға да ықпал етеді", — деп түйді сөзін министр. 

​Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін қатты сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды.

Жаңалықтар
0