Саясат

Тоқаев Атамбаев жайлы: бәрі түсінікті болды, сауығып кетуін тілейміз

© Sputnik / Болат ШайхиновКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев WikiLeaks мәліметі бойынша паранойямен ауыруы мүмкін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың соңғы мәлімдемелерін оның психикалық сырқатымен түсіндіруге болатын шығар, сондықтан оның тез сауығып кетуін тілейік, деп жазған сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

"Викиликсте АҚШ елшісі Янгтың түріктің дәрігерлеріне сілтеме жасай отырып Атамбаевтың психикалық ауруы және оның паранойясын ауырлата түсетін ішімдікке әуестігі туралы айтқан хабарламасы жарияланды. Енді бәрі түсінікті! Сауығып кетуіне тілектеспіз", — деп жазды Тоқаев twitter-дегі аккаунтында.  

​Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі  Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін қатты сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды.

Ал соңғы баспасөз мәслихатында Атамбаев Қазақстан билігі айтып жатқан сыннан рақаттанатынын айтып, сенат төрағасынан бастап премьер-министрге дейін "басшысы не айтса, соны істейтінін" мәлім еткен болатын. 


Жаңалықтар
0