АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Кеңес дәуірінің атақты актері, "Белое солнце пустыни" фильміндегі қызыл әскер Петруханың рөлімен көпшілікке танымал Николай Годовиков Санкт-Петербургте қайтыс болды, деп жазады РИА Новости.
Актердің досы Вячеслав Смородинов сөзіне сүйенсек, Годовиков бейсенбі күні Петербургте өз үйінде дүниеден өтіпті.
"Дауысының әлсіреп кеткенін байқадым. Жақында ауруханаға түскен. Соның бәрін көңіліме алып, уайымдап едім… Бүгін таңертең мазасы болмай тұрғанын айтты, жедел жәрдем шақырайық деп едік, бас тартты. Күндізгі үш кезінде күйеу баласы келіп, қайтыс болып кеткенін көрген", — дейді Смородинов.
Николай Годовиков Оңтүстік зиратта жарының қасына жерленуді өсиет етіп кеткен екен.