АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников 75 жасында Мәскеуде көз жұмды, деп хабарлады Лермонтов атындағы театр өкілі Sputnik Қазақстанға.
"Иә, Владимир Алексеевич бүгін түнде Мәскеуде қайтыс болды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, Толоконников Ресейде "СуперБобровы" сериалының жалғасын түсіруге қатысып жатқан.
"Ол кеше ғана сериалдың жұмысын бітіріп, бәрін аяқтаған еді. Түсірілім Геледжикте болған", — деді театр өкілі.
Толоконников 1988 жылы "Собачье сердце" фильмінде Шариковтың рөлін сомдап, кең танымалдыққа ие болған еді.