АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында таяу күндерге дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Қызылорда облысында 24 қараша күні күндіз кей жерлерде шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Синоптиктердің болжауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында 24-26 қараша күндері кей жерлерде 15-20 метр секунд жылдамдықпен жел тұрады, 26 қарашада оның жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді. Осы күні қар-жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын-шашын мол түседі деп болжануда.
26 қараша күні температура +3,+8, кей жерлерде нөл градусқа дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Дауылдың ықтималдылығы – 80-85%.