Қоғам

Елімізде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға бола ма?

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрбибі Наурызбаева бұл мәселе кеңінен талқыланып, зерттеліп жатқанын, халықаралық тәжірибелер қарастырылғанын атап өтті

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтар адам басына шаққанда орташа 1 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл қаржы халықты түгел зейнетақымен қамтуға жеткіліксіз. Сондықтан қордағы ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат етілмейді. Бұл туралы бүгін  баспасөз конференциясында БЖЗҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мәлімдеді. 

Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда бір миллионға жуық адам зейнетақы жарнасын аудармайды
"Иә, кейбір елдерде ондай халықаралық тәжірибе қолданылады. Алайда ол елдердегі жарналардың көлемін ескеру керек. Мәселен,    Сингапурде мерзімінен бұрын шешіп алуға болады. Бірақ онда зейнетақы төлеудің бірнеше көзі бар, олар адам табысының 40%-ына жуықтайды. Егер Қазақстанда осындай тәжірибе енгізілсе, мүмкін бірдеме шешуге болушы ма еді", — дейді БЖЗҚ басқарма төрайымы.

Нұрбибі Наурызбаева елімізде зейнетақы жинақтарының орташа көлемі адам басына шаққанда 1 миллион теңгеге жетпейтінін, ал бұл ақша барлығын зейнетақымен қамтуға жеткіліксіз екенін атап өтті. 

"Статистика бойынша елімізде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 72, ал әйелдерде 76 жас, кей өңірлерде одан да көп өмір сүреді. Миллион теңге адамға зейнетақы төлеуге қанша жылға жететінін бағамдап көріңізші?", — деп сауал тастады ол.

Оның айтуынша, бұл мәселе кеңінен талқыланып, зерттеліп жатыр, халықаралық тәжірибелер де қарастырылуда.

"Алайда жоғарыдағы жағдайларды ескерсек, әзірге БЖЗҚ бұл мәселе бойынша нақты ұсыныс енгізуге дайын емес", — деп түйіндеді Нұрбибі Наурызбаева.  


Жаңалықтар
0