Қоғам

Қошанов Шаханда жарылған қазандық жайында: апат қайталанбайды

© Photo : пресс-служба акима Карагандинской областиШахтинскте қираған тұрғын үй
Шахтинскте қираған тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахан кентінде орталықтандырылған қазандықтың құрылысы келесі жылы басталады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Шаханда жарылған жылу қазандығына қатысты мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазандық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шахан жаңғырығы: Қарағанды облысында қауіпті қазандықтар анықталды
Осы жылдың басында Қарағанды облысындағы Шахан кентінде көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде жылу қазандығы жарылған болатын. Салдарынан тоғыз адам қаза тапқан еді. Баспасөз мәслихатында журналистердің бірі облыс әкімінен «апатты жағдай биыл да қайталанбайтынына кепілдік бар ма?» деп сұрады. 

«Иә, кепілдік бар. Біз қаладағы 14 жылу қазандығын қауіпсіз жерге шығардық. Бірақ облыс бойынша 30-ға жуық қазандық бар, олардың ішінде вертикал қазандықтар үлкен қауіп туғызады. Шаханда жарылған қазандық та вертикал орналасқан. Осындай 14 қазандықты біз шығардық. Тағы бірнеше қазандық қалды. Қазір олар бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Бірақ олар көлденең орналасқан, сондықтан үлкен қауіп төндірмейді. Оларды келесі жылы, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қауіпсіз жерге шығарамыз», — деп сендірді әкім.


Жаңалықтар
0