Өңірлер

Қошанов: Басқа облыстардан көмірге байланысты шағым түсіп жатқан жоқ

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуКөмір
Көмір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көмір тапшылығына байланысты дүрбелең қыркүйектің соңы мен қазан айының басында болған

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Қарағанды облысы қазіргі таңда республика облыстарын қажетті көмірмен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ағаш көмірінің өндірісі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Петропавлда көмір жетпей жатыр

"Көмір тапшылығына байланысты дүрбелең қыркүйектің соңы мен қазан айының басында болған. Уақытша дүрбелең десек те болады. Қазір көмір тапшылығы жоқ. Өткен жылы облыс 28 млн тонна көмір өндірсе, биыл 30 млн тонна, яғни 2 млн тоннаға артық өндірді. Сондықтан бүгінгі таңда көмірмен мәселе жоқ", — деді облыс әкімі.

Қошанов Қарағанды облысы басқа өңірлерді көмірмен толық қамтамасыз етіп отырғанын, бүгінде ешқандай шағым түспегенін атап өтті. 

"Шұбаркөл көмірі бойынша трейдерлермен жұмыс жүргіздік. Көмір бағасын бір мың теңгеге түсірдік. Қазір Шұбаркөл көмірі Қарағандыда 10 мың теңге болса, ал аудандарда ара қашықтыққа байланысты 10-11 мың теңге аралығында құбылып тұрады. Сондай-ақ, Шұбаркөл көмірі тек Қарағанды облысына ғана жеткізілмейді, басқа өңірлерге де тасымалданады. Бұрындары тәулігіне 120 вагонға көмір тиесек, бүгінде 180 вагонға дейін ұлғайттық. Кейде 190 вагонға да жетіп жатады. Қазір қандай облыстарға қанша көлемде көмір қажет екенін анықтап, кесте құрдық. Бүгінде біз өңірлерді қажет көлеммен қамтамасыз етіп отырмыз, әзірге басқа облыстардан көмірге байланысты шағым келіп түскен жоқ", — деді әкім.

Жаңалықтар
0