АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстан Бас прокуратурасының түрме халқының азаюы туралы жобасы Мәскеудегі "Проектный Олимп" халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды. Марапаттау салтанаты Ресей Федерациясы үкіметінде болды, деп хабарлайды қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі.
"Түрме халқын азайту бойынша 10 шара" жобасы "Кешенді жобаны басқару — "Жылдың үздік жобасы" номинациясында бірінші орынды иеленді. Ресей Федерациясы үкіметі аппараты басшысының бірінші орынбасары Максим Әкімов сыйлықты ұсынды.
"Прокуратура. Smart — басқару" номинациясында бірінші орынға "Бизнесті қорғау" жобасы, екінші — "Заңдылық", үшінші — "Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" және "Прокуратурада – ең үздік кадрлар".
Бұдан бөлек, "Үздік цифрлық жоба" жеке номинациясында "Заңдылық" жобасы жеңімпаз атанды.
Бас прокуратураның "Өзгерістер бағдарламалар" ішкі коммуникациялар жүйесі жеке сертификатқа ие болған.