АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың ісіне қатысы бар тұлғаларды қайтару бойынша шара қолдануды жалғастыруда, деп хабарлайды ведмоство баспасөз қызметі.
"Бас прокуратура осы іс бойынша соттан қашып, іздеу салынған тұлғаларды қайтарып, сотқа беруге шаралар қолдануда", — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанға "KBG Agro" ЖШС директоры Марат Әуезханов, "БТА Банк" АҚ проблемалы несие бойынша басқарма басшысының орынбасары Ержан Қадесов, №6 УКБ басшысы Зәуре Жүнісова, "БТА Банк" АҚ заңгері Максим Хаблов және Company support limited оффшорлық компаниясының өкілі Анар Әбдіхаимова өз еркімен оралды. Олар кінәсін мойындап, тергеуге көмектесіп жатыр. Тергеу ісі жалғасуда.