Өңірлер

Каспий теңізінде бір тәулік ішінде үш рет жер сілкінді

© AP Photo / Irwin FedriansyahСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкіну кіндігі 30-60 километр тереңдікте болған

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. 22 қарашада Каспий теңізінде үш рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы, деп жазады "Лада".

сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыға жақын жерде қуаты 5,4 балл жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі 30 және 60 километр тереңдікте болған.    

Біріншісінің магнитудасы 3.2, Каспий акваториясында 09:36-да тіркеліпті, екіншісі – магнитудасы 3.2 – 16:25-те, үшіншісі – магнитудасы 3.3 – 17:18-де.

Сейсмологиялық оқиғалар салдарынан құрбан болғандар мен келтірілген зардап жайында мәлімет түспеген.

Бұдан бұрын 8, 22 және 30 қазанда, 10 тамызда, 28 және 29 маусымда Каспий теңізінде жер сілкінген еді.

Жаңалықтар
0