Қоғам

4,2 тонна жүзім мен құрма Қырғызстанға қайтарылды

© Photo : pixabay.comҚұрма
Құрма - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тасымалдаушылар Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған

АСТАНА, 22 қараша – Sputnik.  Жамбыл облысының Қордай ауданында ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік өсімдіктер карантині инспекторлары карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Қырғызстан Республикасынан келген 4,2 тонна жүзім және құрма өнімінен тағы да Азиялық жеміс шыбыны зиянкесі табылған.

Жұмыртқа. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді
Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты аталған карантиндік өнімдер Қырғыз Республикасының аумағына кері қайтарылды.

Айта кетейік, Азиялық жеміс шыбыны дақылдардың 60-тан астам түрін зақымдап, жемісін шірітіп, қолдануға жарамсыз етеді.

 

Жаңалықтар
0