Экономика

"Жібек жолы" сауда маркасы Coca-Cola мен Disney-ден де асып түседі – поляк саяхатшысы

© Photo : Орталық коммуникациялар қызметіПоляк саяхатшысы және зерттеуші Яцек Палкевич
Поляк саяхатшысы және зерттеуші Яцек Палкевич - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экспедиция жетекшісі Ұлы Жібек жолының әлеуеттерін туристік мақсатта қолдану үшін одақ құруды ұсынды

АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "Жібек жолы" сауда маркасы әлемге әйгілі Coca-Cola мен Disney маркаларынан да асып түсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ОКҚ брифингі кезінде "Жаңа Ұлы Жібек жолы" халықаралық экспедициясының жетекшісі – поляк саяхатшысы және зерттеуші Яцек Палкевич айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Польша жалауы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: "Жібек Жолы" Қазақстан мен Польшаны тығыз байланыстырады

Яцек Палкевич Гоби және Сахара шөлдерін басып өткен, Намибиядағы Сүйек жағалауы және ұлы Амазонка өзенінің нақты бастауын анықтаған саяхатшы. Оның айтуынша, Ұлы Жібек жолы экспедициясын ұйымдастыру идеясы өзі оқыған қиял-ғажайып кітаптардан кейін келген. 

"Ұлы жол дегенде түйе керуендері, белгісіз елдер көз алдыма елестейді. Мен үшін бұл бір жұмбақ болатын. Шытырман оқиғаларға толы кітаптарды оқығаннан кейін, қиялданып, "Жаңа Жібек жолы 2017-2018" экспедицясын ұйымдастыру идеясы туды", — дейді саяхатшы. 

Палкевич Қазақстандағы киелі ескерткіштерді сақтау бағдарламасы оны таңғалдырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда киелі ескерткіштерді сақтау бағдарламасының іске асырылып жатқанына қатты таңдандым, бұл туралы мен экспедиция серіктестері – Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтынан білдім. Біздің экспедияциямыздың бағыты осы жолдар арқылы өтеді, себебі тек олар ғана Ұлы Жібек жолының тарихынан сыр шерте алады, бізге сол дәуірдің рухын сыйлайды.  "Қазақстанның қасиетті географиясы" бүкіл әлем туристері үшін үлкен мүмкіндікке айналатынына сенімдімін, себебі, жаңалықтарға  талпынсақ та, барлығымыздың өткен ғасырларда не болғанын білгіміз келеді. Себебі, өткенсіз болашақ жоқ", — дейді Палкевич.

Экспедиция жетекшісі Ұлы Жібек жолының әлеуеттерін туристік мақсатта қолдану үшін одақ құруды ұсынды.

Генеральный план развития Талдыкоргана и Нуркента - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Нұркент қаласы қандай болады:бизнес орталықтары, театрлар және Жібек жолы

"Бұл орайда мен елдер одағын құруды ұсынамын. Ол Жібек жолының туристік әлеуеттерін туристік мақсатта қолданатын болады. Silk Road сауда маркасы әлемдегі Кока-кола мен Дисней маркаларынан да асып түсуі мүмкін. Халықаралық ынтымақтастық үшін  платформа құрып, Silk Road брендімен бірлесіп мультилатеральды туристік өнім жасасақ жақсы болар еді", — деді Палкевич.

Экспедиция барысында поляк саяхатшысы Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Ресей, Беларусь пен Польша арқылы 10 мың шақырымнан астам жерді  жүріп өтуді жоспарлап отыр. 

Экспедицияның мақсаты – Ұлы Жібек жолының мәртебесін қайтару, жандандыру және Азия мен Еуропа арасындағы сауда керуендері арқылы қатынасқан елдердің мәдени байланысын нығайту.

Жаңалықтар
0