Экономика

Назарбаев: "Жібек Жолы" Қазақстан мен Польшаны тығыз байланыстырады

© Sputnik / Филип Климашевский / Медиабанкке өтуПольша жалауы
Польша жалауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Варшаваның белсенді экономикалық қарым-қатынасын екі елдің географиялық орналасуына қатысты да жүзеге асуы керек деп есептейді

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Сәрсенбі күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Варшава арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы  Ұлы Жібек Жолын қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыруға итермелейтінін айтты. 

"Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Еуразия кіндігінде орналасқан: Ұлы Жібек Жолының бір бөлігі ретінде Қытай Халық Республикасының ұсынған бұл идеяны біз толығымен қолдаймыз және тек қатысып қоймай Ресей арқылы Еуропаға шығатын жолды қалпына келтіреміз, ал Польша Еуропаның орталығында орналасқан. Мұндай географиялық орналасу жағдайы негізінде біз өзара қарым-қатынас жасауға міндеттіміз", — деді Назарбаев Қазақстан-Польша бизнес форумында сөйлеген сөзінде. 

Бұл ретте қазақстандық көшбасшы, екі елдің арасында орнаған жақсы қарым-қатынас тек қана логистикамен шектелмеу керектігін атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық нарығына Polpharma фармацевтикалық компаниясының келуін мысалға келтірді. 

"Мен бұл компанияның жұмысын бақыладым, себебі Қазақстан бір миллиард доллар көлемінде дәрі-дәрмек импорттайды. Қазақстанда фабрикалар салу өте маңызды және біз оған барлық жағдайды жасап жатырмыз", — деді Қазақстан Президенті польшалық бизнесмендерге. 

Өз кезегінде Польшаның аграрлық нарық агенттігінің төрағасының айтуынша, польшалық бизнес өкілдері қазіргі таңда қазақстандық ауыл шаруашылығының мүмкіндіктеріне және жергілікті өнімдерді жақын маңдағы нарықтарға экспорттау, сонымен қатар Польшаның өзіне импорттау мәселесі қызығушылық танытып отыр. 



Жаңалықтар
0