АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. 23 қараша күні "Астана" және "Вильярреал" командалары арасындағы матчқа байланысты Қабанбай батыр және Тұран даңғылы көшелерінің бір бөлігі көлік қозғалысы үшін жабық болады, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.
УЕФА 2017/18 Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы матч 22:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді.
20:00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының Керей және Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөліктері көлік қозғалысы үшін жабық болады. Шара аяқталғанға дейін осы бөліктер арқылы көлікпен жүруге тыйым салынған. Жабылған бөліктерді Мәңгілік Ел даңғылы, Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Сонымен бірге жанкүйерлер стадионға автобуспен қатынай алады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506.
Бұдан бөлек, көрермендерге арналған шаттл-бастар іске қосылмақ, олар сағат 20:00-де "Қазақстан" СК, "Нұр Астана" мешіті, елордалық цирк пен "Жастар" сарайы тұрақтарынан аттанады. Арнайы рейстік автобустардың жолақысы қоғамдық көліктегідей – 90 теңге, жолаушы билеттері бұл автобустар үшін жарамсыз.