АСТАНА, 21 қараша— Sputnik. "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен Сапарбек Тұяқбаев "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР премьер-министрі Кеңсесінде, ҚР президенті әкімшілігінде қызмет еткен.
2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеген, инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен.
2016 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының қызметін атқарған.
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.
Бұған дейін "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін Мақсат Қабашев атқарған болатын.