Экономика

Елімізде жаңа ұлттық компания құрылды

© Sputnik / Табылды Кадырбековтуризм
туризм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық компания еліміздің туристік саласына инвестиция тартады

АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде ілгерілету үшін ұлттық компания құрылды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Бурабай көлі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан туризмді қалай дамытпақ?

"Өткен аптада үкіметтің қаулысымен "Қазақ туризм" ұлттық компаниясы құрылды. Бұл акционерлік қоғамның бірінші міндеті – Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде ілгерілету, екінші – инвестиция тарту", — деп хабарлады Мұхамедиұлы баспасөз мәслихатында. 

Осылайша, жаңа компанияның көмегімен еліміздің туристік саласына инвесторларды тарту көзделіп отыр. 

"Қазіргі уақытта көптеген шетелдік инвестор Қазақстанның туристік саласына қаражат құюға мүдделі. Өйткені Қазақстанның табиғаты керемет, мүмкіндіктер мол, ал ең бастысы елімізде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі", — деді ол. 

Мұхамедиұлының айтуынша, барлық дамыған елде мамандандырылған туристіек компаниялар жұмыс істейді. 

Ұлттық компанияның бюджетіне тоқталған Мұхамедиұлы биылғы жылы қызметкерлерге жалақы мемлекеттік бюджеттен төленетінін, ал келесі жылдан бастап компания өз шығынын өзі өтейтінін жеткізді. 


Жаңалықтар
0