АСТАНА, 21 қараша— Sputnik. Қазақстандық балалар "Балалар Евровидениесі" ән байқауына алғаш рет қатысады, деп хабарлайды "31 канал" компаниялар тобының PR қызметі.
Финал 26 қарашада Грузия астанасы Тбилисиде өтеді.
Қазақстанның атынан өнер көрсететін балалардың арасында Данэлия Төлешова да бар. Төлешова — "Балалар жаңа толқыны – 2015" байқауындағы "Гауһар қол" жүлдесінің иегері.
Данэлия Валерия, Жасмин, Нюшс, Lido секілді танымал әншілермен туэт айтып үлгерді. "Голос. Діти" музыкалық байқауынан кейін интернеттің жұлдызына айналды.
Сондай-ақ Евровидениеге біздің елімізден Дания Ишанқұлова, Мұхаммедәли Жүгінісов, Алуа Серікханова, Мария Затварницкая мен Мерхат Жылқыбаев, Музарт Құрманәлі барады.
"Балалар Евровидениесі" халықаралық байқауы 26 қараша күні сағат 22.00-де тікелей эфирде көрсетіледі.