АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. 11 елден шыққан дарынды жас әншілер Мәскеуде "Ты супер!" финладық концертінде атақты жұлдыздармен ән шырқайды.
Қазақстан, Ресей, Абхазия, Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қырғызстан, Молдавия, Украина және Эстониядан келген қатысушылар Ресейдің ең басты сахнасында өнер көрсетпек.
Қазақстан атынан Өскемен қаласының 17 жастағы тұрғыны Влад Лоскутов қатысады. Ол Роза Рымбаевамен бірге ән орындайды.
"Ты супер!" жобасының финалы НТВ арнасында және барлық Sputnik сайттарында сенбі күні 27 мамырда Астана уақыты бойынша 23.00-де көрсетіледі.