Қоғам

Сириядан құтқарылған қазақстандық әйел елге оралды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуӘйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарылған қазақстандықтар дипломаттардың көмегімен елге қайтты

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Сириядан Грозный қаласына жеткізілген қазақстандық әйел бала-шағасымен елге оралды, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.

Сирияда құтқарылғандар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның бес азаматы Сириядан Грозный қаласына жеткізілді

Бұдан бұрын 29 жастағы әйел төрт баласымен Сириядан құтқарылып, Шешенстанға жеткізілген болатын.

"Қазақстан азаматшасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласымен Сириядан Ресейге эвакуацияланған болатын, Мәскеудегі елшілік дипломаттарының көмегімен өткен аптада Қазақстанға жеткізілді", — деп мәлімет берді Әнуар Жайнақов.

Қазақстандықтың ең үлкен ұлы бес жаста, кенжесі бірнеше айлық қана. 

"Әйел адам Орал тұрғыны. Қазір қайда екенін білмеймін. Қазақстанға келді", — деп түсіндіріп өтті Жайнақов. 

Айта кетелік, қараша айының ортасында Сириядан 40-тан астам әйел мен бала құтқарылып, Грозный қаласына жеткізілген болатын.

Жаңалықтар
0