АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Сирияда құтқарылған қырықтан астам адам арнайы рейспен Грозныйға жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.
Грозныйға 40 адам жеткізілген – 12 әйел мен 29 бала. Араларында бесеуі – Қазақстаннан, екеуі – Өзбекстаннан, қалғандары ресейліктер.
Туған-туыстары Сириядан құтқарылған азаматтарды ұшақтан қарсы ала алмады, өйткені араларында туберкулезге шалдыққандар бар екен.
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Шешенстан өкілі Зияд Сабсаби тілшілерге берген мәліметінде әйелдер мен балаларды Сирияның түпкір-түпкірінен жинағанын айтты.
Қайта оралған әйелдер РФ заңы алдына келуге дайын. Бәрі өз еркімен қайтқандарын растап, қолхат жазып берді.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Instagram желісінде Сириядан оралған әйелдер мен балалардың видеосын жариялаған.