Оқиға

Қазақстандық әйел Қадыровтан қызы мен немерелерін Сириядан қайтаруды сұрады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуХиджаб
Хиджаб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қариялар Рамзан Қадыровтан Сириядан қыздары мен немерелерін алдыруын сұрайды

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Содыр жұбайларымен "Ислам мемлекетіне" (ИМ Қазақстан, Ресей және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) кетіп қалған әйелдердің аналары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жүгініп, қыздары мен немерелерін қайтару үшін көмек сұраған, деп жазады ресейлік БАҚ.

Грозный көшесіне шыққан шешен әйелдері арасында Қазақстан тұрғыны Роза Анаева да болған. Әйелдің айтуына, қызы Иман Музаева күйеуімен және үш баласымен Сирияға 2014 жылы кеткен. 

Күйеуін өлтіріп тастаған. Ал Иманға балаларымен бірге қайтуға рұқсат бермей жатқан көрінеді. 

Шараға қатысушы әйелдердің көпшілігінің оқиғасы осыған ұқсас. Содырлар әйелдерді жіберуге дайын, бірақ балаларын алып қалмақ. 

Бұдан бұрын Қадыровтың араласуымен Ирактан төрт жасар бала Билал Тагилов қайтарылды. Шешенстан өкілдері Таяу Шығыста содырлардан азат етілген өңірлеріндегі балалар үйлерінде болып, Ресейден әкетілген балалады іздестіріп жүр. 


Жаңалықтар
0