Қоғам

Астанада оқушылардың өзі қылмыспен күресуді қолға алды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектепте тәлімгерлік институты қалыптасуда: оқушылар президент, министрлер мен прокурорларды сайлап алды

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Білім беру мекемелеріндегі жасөспірім қылмысын төмендету мақсатында Астана мектептерінде прокурорлар пайда болды, деп хабарлайды елордалық прокуратура баспасөз қызметі.

Партада отырған оқушы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде мектепте қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынады

Қадағалау органының мәліметінше, "Жасөспірімдер қылмысын алдын алуды жаңғырту" атты арнайы жоба құрылып, бес бағытты қамтып отыр: қауіп-қатер тобының жасөспірімдерімен жұмыс істеу, тәлімгерлік институтын қалыптастыру, жасөспірімдерді каникул кезінде Құқық қорғау органдары академиясында оқыту, әртүрлі шараларға қатыстыру және ертерек алдын алу шараларын жүргізу.

"Бағыттардың бірі бойынша №34 мектепте жұмыс жүргізілді. Жыл сайын бұл мектепте сегіз қылмыс жасалатын. Қазір мектепте мұндай жайттар ұмыт болған. Оқушылар өз қауымдастығын өзі басқарады. Президентті, әртүрлі бағыттар бойынша министрлерді өздері таңдайды", — деп хабарлады прокуратура.

Мектеп оқушысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана мен Алматы мектептерінде жаңа пән енгізілуі мүмкін

Прокурорлардың рөлін орындайтындар, заң шығарушылар бар. Олар тәртіп бұзушылықты анықтап, оқушылармен әңгіме жүргізеді. Мысалы, өзге оқушыны балағаттаған балаға тәртіп қорғаушылар тапсырма беруі мүмкін – тақпақ жаттау немесе қабырға газетін жасау.

Осы бір өзін-өзі басқару әдісі Назарбаев университеті профессоры Ф.Я. Вассерманның "Биоэнергетика  және синергетика" авторлық әдістемесінен алынған. Енді бұл ұстаным қауіпсіздік деңгейі төмендеу 25 білім беру мекемесінде қолданылады. 30 000 астам бала жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0