Қоғам

9-сынып оқушысы: арманым – Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу

CC0 / StockSnap / Бала кітап оқып отыр
Бала кітап оқып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҚО-да тұратын Кирилл қазақ тілін өте жақсы меңгерген

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Бүгін Астанада "Балаға мейірімді Қазақстан" халықаралық конференциясы ашылды. Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараға жиналған оқушылар сөз сөйлеп, арман-мақсаттарымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елордада шымылдығын түрген халықаралық конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен 320 бала келген. Конференция Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылды.

Атыраулық дарынды  қыз Мәскеуде өтіп жатқан би байқауына қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан
Видео
Атыраулық дарынды қыз Мәскеуде өтіп жатқан би байқауына қатысып жатыр
Конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде республиканың дарынды оқушылары сөз сөйледі. Олардың арасында батысқазақстандық Кирилл Гирюцик бар. 

Ұлты қазақ болмаса да, қазақ тіліне судай Кирилл БҚО Ақжайық ауданында 9-сыныпта оқиды. Қазақша сөйлеп қана қоймай, ән де айтады екен.

"Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Осы конференцияға қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Бұл іс-шараның қатысушылар үшін маңызы зор", — деген Кирилл болашақта президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді армандайтынын айтты. 

Конференция қатысушыларын құттықтаған қонақтардың арасында ағылшын физик-теоретигі Стивен Хокингпен кездескен тараздық 15 жасар оқушы Исаак Мустопуло да болды. 

"Мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Сіздерге өмірлеріңізде жағымды сәттер көп болсын деп тілеймін. Бір нәрседен шектеулімін деп ешқашан ойламаңыздар. Біздің еліміз жас, болашақта гүлдене түсіп, өзін әлемдегі жетекші мемлекет ретінде танытатынына сенімдімін", — деді Исаак. 

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды
Конференция барысында Қазақстандағы Бала құқықтары жөнiндегi уәкiл Зағипа Балиева балаларға арналған "111" сенім телефоны жұмыс істейтінін, жақында дүниежүзілік желіге қосылатынын айтты. Қиын жағдайға тап болған балалар бұл нөмірге қалаған уақытында хабарласа алады.

"Балаларымыз қай елде жүрсе де, кез келген сұраққа осы "111" сенiм телефоны арқылы жауап ала алады", — деді Балиева.

Айта кетсек, конференцияның мақсаты – балалар құқығын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша әлемдік стандарттарға сай халықаралық, ұлттық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдарды біріктіруге күш салуды жүзеге асыру үшін 2016 жылы құрылған тұрақты платформаны одан әрі дамыту және жетілдіру.

Биыл ЮНИСЕФ бастамасымен Дүниежүзілік балалар күні әлем елдерінде «Дети у руля» ұраны бойынша өтеді.

 

Жаңалықтар
0