Әлем

Атамбаев қатты айтқан сөздері үшін кешірім сұрады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Өткен 6 жыл өте ауыр болды, жүйкеміз темірден емес қой"

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Қызметінен кетіп бара жатқан Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қорытынды баспасөз конференциясында өзі ренжітіп алған адамдардан кешірім сұрады, деп жазды РИА Новости.  

 15 қазанда Қырғызстан президенті сайлауы өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясы  экс-премьер Сооронбай Жээнбековті жеңімпаз деп жариялады. Ұлықтау рәсімі 24 қарашаға белгіленген.

Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Атамбаев Қазақстан тарапынан айтылып жатқан сыннан рақаттанатынын айтты
"Құрметті журналистер, егер мен қатты кеткен болсам, мұнда сіздер жалғыз емессіздер. Кейде өте қатты айтатыным бар. Егер біреуді ренжітсем, тіпті менікі орынды болса да, кешірім сұраймын ", — деді Атамбаев.

Ол келесі президенттер қарым-қатынасқа едәуір епті болатынына сенім білдірді.  

 "Біздің елімізде келесі президенттер қарым-қатынасқа едәуір епті болады деп ойлаймын. Дегенмен өткен 6 жыл өте ауыр болды, жүйкеміз темірден емес қой ", — деген ол, журналистерге ғана емес, өзге елдің мемлекет басшыларына да әрқашан шындықты айтқанын атап өтті.


Жаңалықтар
0