АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық орташа тұтынушылық кредит бойынша 400 мың теңгеден аса қарыз, деп хабарлайды Ranking.kz сайты.
"Әрбір жұмыс істейтін қазақстандық орташа тұтынушылық кредит бойынша банктерге 447 мың теңгеден қарыз. Кредитті Алматы тұрғындары едәуір көп алған. Жыл ішінде бөлшек тұтынушылық кредит нарығы 15%-ға өсті", — деп жазылған жарияланған ақпаратта.
Мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегінің соңына қарай жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредиттер 2,9 триллион теңгені құрады. Бір жылда 14,9% немесе 372 миллиард теңгеге өскен.
Тұтынушылық кредиттер бойынша да Алматы бірінші орында. Одан кейін Қарағанды облысы келеді — бір жылда 32,1 миллиард теңгеге өскен. Жылдық өсімнен Астана үшінші орынды иеленген.