АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында "Альфа банк" тонаушыларына қатысты сот отырысы жалғасты. Сотталушылар қылмысқа итермелеген басты себеп – несие екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Банкті тонау әрекеті 27 маусымда орын алды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілердің біреуі банктің сақтау бөліміне өтіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқыту арқылы 65 миллион 300 мың теңге иемденген.
Максим Бескишкин мен Иван Жуковқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлімі (Тонау) бойынша айып тағылып, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Тонау кезінде банкта қызмет еткен Максим Бескишкин сот отырысында қаржылық қиыншылық салдарынан осындай әрекетке барғанын айтып берді.