Оқиға

Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАдам
Адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайғылы оқиға 17 қарашадан 18-не қараған түні 5 шағын ауданда болды

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақтауда пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды lada.kz.

Қыздың бейнесі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында жоғалған әйелдің өлі денесі табылды

№20 үйдің тұрғындарының айтуынша, 18 қараша күні таңертең полиция бүкіл үйді қоршады. Оқиға орнында кинологтар мен криминалистер жұмыс істеді. Қаза тапқан ер адам бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. 

Көршілердің кейбірі үйден айғайлаған дауыстар естіпті. 

Қайғылы оқиға туралы хабар жедел жәрдем пультіне 07:21-де келіп түсті. Көз жұмған ер адам болжам бойынша 25-30 жаста. 

Көршілердің айтуынша, ер адам үйленбеген, №20 үйде тұрып жатқанына біраз болыпты. Кейбір деректер бойынша, жас жігіт бұрын істі болған. 

5 шағын ауданның учаскелік пунктіндегілер түсініктеме беруден бас тартты.

Жаңалықтар
0