АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радиосының басшысы Ольга Коваленко VI Санкт-Петербордағы халықаралық мәдени форумда "Қасиетті Қазақстан" арнайы жобасын таныстырды.
Оған алғаш рет мультимедиялық форматта елімізді дамытуға ықпал еткен қасиетті орындар жинақталды.
Жобаның таныстырылымы Эрмитаждың бас штабындағы "Еуразиялық интеграциядағы мәдениеттің рөлі" панелдік пікірталасы барысында өтті.
Іс-шараға жеті елдің өкілдері қатысты. Олардың арасында РФ президентінің Каспий өңірі мемлекеттерімен гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Рамазан Абдулатипов, Еуразия халықтары ассамблеясы бас хатшысының орынбасары Александр Агеев, "Біздің Сербия" Сербия патриоттық ұйымының негізін қалаушы Младжан Джорджевич, Франция декоративті-қолданбалы қолөнершілер мен шеберлер қауымдастығының президенті Жан-Клод Гийемо бар.