АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Бүгін үкіметтегі баспасөз конференциясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Алтынбек Нұхұлы "Экспо-2017" халықаралық көрмесін өткізу кезінде шай саңырауқұлағын өнеркәсіптік өндіру жөніндегі ірі жоба коммерцияланғанын айтты, деп жазды Қазақстан премьер-министрінің сайты.
Алтынбек Нұхұлының мәліметінше, институтта бірнеше жыл қатарынан "Шай саңырауқұлағының табиғи қалпы негізінде биологиялық байытылған өнімнің өнеркәсіптік өндіріс технологиясын жасау" жобасы іске асырылып жатыр.
Ректордың айтуынша, бұл жобадан түсетін нақты қайтарым бар.
"Келешекте басқа түрін шығаруды көздеп отырмыз: ол «Диабеттік Алтын батыр» деп аталатын болады және қант диабетімен ауыратын адамдарға арналады. Жалпы, бұл жобаның ғылым үшін маңызы зор деп ойлаймын", — деп сөзін түйіндеді А. Нұхұлы.