Оқиға

Батыс Қазақстанда 14 жастағы қыз жүкті болып қалды

© AFP 2024 / PARK JI-HWANМектеп оқушылары, архивтегі фото
Мектеп оқушылары, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың он айында ювеналды сот зорланған балалар туралы алты істі қараған

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik.  Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған екі қыздың жүкті болып қалғаны анықталды. Олар 2001 және 2003 жылы туған болып шыққан. Екі жағдайды да дәрігерлер емес, білім мекемелерінің құжаттарын тексеру барысында  ювеналды полиция анықтады, деп хабарлайды "Уральская неделя".

Бұл туралы Оралда Дүниежүзілік бала күніне арналған "дөңгелек үстелде" ювеналды полиция қызметкерлері мәлімдеді. Екі оқушы да сәбилі болып, балаларының әкесімен татуласқан.

Жасөспірім қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауылда іші пысқан оқушы қыз Алматыға қашып кетті
Ювеналды соттың төрағасы Сұлуханым Қадырәлиева атап өткендей, судьялар жыл сайын зорланған балалар туралы көптеген істі қарайды. 2017 жылдың он айында ювеналды сот осындай алты істі қолға алған. Оның бесеуінде қылмыскерлер бас босандығынан айырылды. Бір жағдайда тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды, қыз өзін ренжіткен жігітке тұрмысқа шықты.  

2016 жылдың сәйкес кезеңінде осы баппен екі зорлықшы сотталыпты.   


Жаңалықтар
0