АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Бүркіт пен Аиша үшінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтылды.
"Келесі көктемде кино түсіруге тағы бір себеп табылды, өйткені әйелім босанады, өнер көрсетпейтін шығармыз. Жалғыз өзім өнер көрсеткім келмейді. Аишамен бірге айтуға үйреніп қалдым. Сондықтан ол үйде отырады, ал мен кино түсіремін", — дейді Бүркіт.
Әншінің жары Аиша жүктіліктің үшінші айында екен.
Айта кетсек, қазір ерлі-зайыпты екі ұл тәрбиелеп отыр. Кіші ұлдары өткен жылдың қаңтарында дүниеге келген болатын.