Өңірлер

Қостанайда бас дәрігерді 30 жерден пышақтап өлтіргендерге үкім шықты

© Photo : Alau.kzЗәуреш Изалдина
Зәуреш Изалдина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотта төрт айыпталушының біреуі ғана кінәсін мойындаған

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik.  Қостанай мамандандырылған соты облыстық психиатриялық аурухананың бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдікпен ұсталған төрт сотталушыға үкім шығарды, деп жазды Alau.kz.  

Зәуреш Изалдинаны сот 25 жылға бас бостандығынан айырды. Руслан Гафаров 24 жылға, Сандыбаеваны бірнеше жерден пышақтаған Болат Кетебаев 22 жылға, кінәсін мойындаған Виктор Кодатенко 15 жылға сотталды.  

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен оның әріптесі қамауға алынды
Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, Зәуреш Изалдинаны полицейлер әріптесін өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен жұмыс орнында тұтқындады.  Ол жоғары санатты психиатр-нарколог дәрігер. 45 жаста, екі баланың анасы. 

Осыған дейін облыстық психиатриялық  аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталған болатын.  

Еске сала кетсек, 20 ақпанда Рашида Сандыбаеваның денесі өз пәтерінен табылды. Қаскөйлер дәрігерді 30 жерден пышақтап өлтірген. 

 

Жаңалықтар
0