Оқиға

Қостанайда бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен оның әріптесі қамауға алынды

© AP Photo / Richard DrewҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелге облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтіруге ұйымдастырушы болды деген айып тағылып отыр

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. №2 сот шешімі бойынша облыстық психиатриялық  аурухананың бөлім меңгерушісі екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, Зәуреш Изалдинаны полицейлер жұмыс орнында тұтқындап алып кеткен.  Әріптесін өлтірді деген күдікке ілініп отырған әйел жоғары санатты психиатр-нарколог дәрігер. 45 жаста, екі баланың анасы. 

адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда дәрігер-психиатрды өз үйінде өлтіріп кетті

Осыған дейін белгілі болғандай, облыстық психиатриялық  аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдікпен полиция үш адамды ұстаған. Ішкі істер департаментінде хабарлағандай, полицейлер бұл жантүршігерлік қылмыстың не себепті және қалай жасалғанын толығымен анықтаған. 

Еске сала кетсек, Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінде табылды. Қаскөйлердің дәрігерді 30 жерден пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. 


Жаңалықтар
0