Өңірлер

Павлодарда жас жігіт 81 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталып жатыр

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуҚартаң әйел, архивтегі фото
Қартаң әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23 жастағы күдікті жігіт бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Павлодар облысында 23 жастағы ер адам 81 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.  

Қылмыстық іс Павлодар облысының Успен аудандық сотында жабық режимде қаралып жатыр.

жеткіншек қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Кішкентай қызды зорлады деген күдікті Бурабайда ұсталды
"1936 жылы туған әйел зардап шеккен. 1994 жылы туған ер адам ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлімі "Зорлау" және 121-бабы 1-бөлімі "Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" бойынша айыпталып отыр. Бұл баптар бойынша үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған", — деп хабарлады прокуратура.

Қылмыс 14 қыркүйекте жасалды.   


Жаңалықтар
0