АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Ақмола облысында Бурабай курортында Көкшетауда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.
4 тамызда Көкшетау қаласының Ішкі істер бөліміне жергілікті әйел кісіден 2005 жылғы қызын белгісіз ер адамның зорлағаны туралы арыз жазған.
Ізкесушілер қылмыс жасалған "Бармашино" ауданының аулаларын шолып шығып, жергілікті тұрғындармен сауда орталықтарының жұмысшыларымен сөйлесті. Іздеу шаралары барысында қылмыс жасалған күні күдіктіні көрген куәгерлер табылды. Олар күдіктінің қолында жол сөмкесі болғанын айтқан. Осыған байланысты күдікті өзге қаладан келгені туралы болжам жасалды.
Сондықтан барлық видеокамера тесеріліп, күдіктінің жүрген жолдары анықталды.
21 тамызда Бурабай ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдіктінің облыс орталығына жұмыс іздеп келгені анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Ер адамның осы тектес өзге де істерге қатысы бары анықталып жатыр.