Оқиға

Алматы әуежайында Германия азаматын ұшаққа отырғызбай қойды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Германия азаматы тәртіп бұзғаны үшін отанына ұшып кете алмады

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Алматы әуежайында тәртіп бұзған Германия азаматын Алматы-Франкфурт рейсінен алып тастады, деп хабарлады көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда мас жүргізуші қызылға өтіп кетіп, бір адам зардап шекті

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қазақстанның көліктік полициясы үш күн науқан жүргізіп, тәртіпбұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сол жайттардың бірінде Алматы әуежайында Алматы-Франкфурт рейсінің жолаушысы ішкі істер бөліміне тапсырылған.

Полиция хабарлауынша, жолаушы 65 жастағы Германия азаматы екен, әуежайда мас күйінде жүріпті. Тәртіп бұзушы жоғарыда көрсетілген рейстен алып тасталды. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБК 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. 


Жаңалықтар
0