АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Алматыда Төле би және Түркебаев көшелері қиылысында Audi 80 мен "Лада" ВАЗ 2114 соқтығысты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, ВАЗ 2114 Төле би көшесімен батыс бағытта бағдаршамның жасыл жарығына келе жатады, ал Audi 80 Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта. Неге екені белгісіз, Audi жүргізушісі қызыл жарықты елемей, қиылысқа шығып кетіп, бар жылдамдықпен "Ладаны" қағады.
Қатты соққыдан көлік көше ортасында шыр көбелек айналды. Жол апатынан ВАЗ 2114 көлігінің арт жағында отырған жолаушы зардап шекті. Ол әртүрлі жарақатпен ауруханаға түскен.
© SputnikАлматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
1/3
© Sputnik
Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
© SputnikАлматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
2/3
© Sputnik
Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
© SputnikАлматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
3/3
© Sputnik
Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
1/3
© Sputnik
Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
2/3
© Sputnik
Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
3/3
© Sputnik
Алматыда ВАЗ 2114 мен Ауди соқтығысты
Екі көлік те қатты бүлінді.
Куәгерлердің айтуынша, Ауди жүргізушісі удай мас болған.