Өңірлер

Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан екі адам ұсталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСиыр
Сиыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арамниеттілер қараусыз қалған малды аңдып жүрген

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Павлодар облысында бірнеше мәрте мал ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті.

Ұлытау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында барымташылар жүздеген жылқыны айдап әкеткен

58 жастағы күдікті Toyota Prado көлігін мініп, Шербақты ауданына аттанып, өрісте қараусыз жайылып жүрген малды аңдиды. Көлбұлақ ауылынан екі шақырымдай жерде жайылып жүрген сиырларды көреді. Оларды ешкім бағып жүрмегеніне көзі жеткен соң, жақындап, екі сиырды карабинмен атады. Қылмысын жасыру үшін қалған малды бір жаққа айдап, өлтірілген екі сиырдың үстін шөппен жауып кеткен.

"Кейін сыбайласымен бірге мал соятын құралдарын әкелу үшін Павлодарға кетеді. Сол күні 22.00-де мал ұрлаушылар, екі сиырдың етін бөлшектеп, Toyota Prado көлігінің артына салып алады да, қалаға жол тартады", — делінген ведомство хабарламасында.

Алайда етті сатып үлгермеген екен – жолда полицейлердің қолына түсіп қалыпты. Автокөлікті тінту барысында қару-жарақ, бинокль, мал сою құралдары мен бөлшектенген ет табылған.

Сотқа дейінгі тергеулер барысында екі күдіктінің Шербақты және Павлодар аудандарында мал ұрлаумен айналысып жүрген, әбден құныққан ұрылар екені анықталды. 

Тергеу жалғасып жатыр, күдіктілер қамауда.


Жаңалықтар
0