АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қарағанды облысында бес адам бір табын жылқыны ұрлап, Ақмола облысындағы бірнеше ауылға жасырған, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Тоғызыншы қазанда Қарағанды облысы Ахметауыл ауылының шопаны полицияға арыз беріп, белгісіз біреулердің 93 жылқыны ұрлап кеткенін айтқан.
"15 қазанда жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Ақмола облысының Аршалы ауданныда 35 және 49 жас аралығындағы бес күдікті ұсталды", — деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.
Күдіктілер ұрлаған малды Ақмола облысында бірнеше ауылда жасырып ұстапты.
"Полицейлер Жібек Жолы, Бұлақсай, Сарыоба ауылдарынан 73 жылқы тапты, сонымен бірге Шортанды ауданы Шортанды ауылынан да ұрланған мал табылған", — деп хабарлайды полиция.
Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.