Өңірлер

Түйе үшін соттасқан маңғыстаулықтар

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуТүйелер
Түйелер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысында қызық бір жағдай болды. Ауылдың екі тұрғыны бір түйеге таласып, кімдікі екенін анықтау үшін сотқа жүгінген.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Маңғыстау аудандық соты ерекше бір істі қарауға мәжбүр болды: ақиқатты анықтау үшін шақырылған сарапшы-ветеринар үш түйенің бір-бірімен ұқсастығын тексерді.

Арыз беруші өрісте жайылып жүріп жоғалып кеткен түйені қайтаруды сұрады. Малшылардың айтуынша, түйені белгісіз бір адам жүк көлікке салып алып кеткен. Жауап беруші түйенің өзінікі екендігін айтып, қайтарудан бас тартты. Сотқа әр тарап түйенің енесін алып келіп, өз сөзін дәлелдеуге тырысты.

Сот талқылауы кезінде ветеринардың қатысуымен даулы түйе мен арыз берушінің әкелген түйесі арасында ұқсастық бары анықталды. Ал, жауап беруші әкелген түйенің даулы түйеге ешқандай қатысы жоқ болып шықты.

Осылайша сот арыз берушінің шағымын қанағаттандырып, құны 300 мың теңгеге бағаланып отырған түйені қайтаруға шешім шығарды. 

Алайда ауыл тұрғыны сот шешімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді, ол да бірінші иснтанция шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Жаңалықтар
0