АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Ресейлік боксшы Сергей Ковалев Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіндегі төрешілер шешіміне көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
— Андре Уордпен алғашқы жекпе-жегіңде төрешілер саған әділетсіздік жасады, Геннадий Головкин мен «Канело» Альварес жекпе-жегінде де сол жағдайға куә болдық…
— Дегенмен Геннадийдің құдай жолын оңғарып, тең түсті. Енді олар реванш өткізіп, қомақты табыс табады деп ойлаймын. Алайда ондай төрешілерді өмір бойына шеттету керек, өйткені олар боксшылардың арманын күл-талқан етеді. Спортшы үшін өмір бойы армандаған биікке шығудың сәті түскенде, біреу келіп, сен оған лайық емессің дейді. Кімсің сен? Құдай емессің ғой. Осы жұмысты қолға алған екенсің, әділ төрелік жаса және 100% бейтарап бол. Шешім ақылға қонымсыз, — деді Ковалев.