АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Санкт-Петербургте полицейлер 73 жастағы жезөкше қызмет көрсеткен притонды тапты, деп хабарлайды "Пятый канал".
Шырын есімді қарт әйел Өзбекстан тумасы болып шықты. Жезөкшелер ордасы пәтерде ұйымдастырылып, зейнеткермен бірге 35 және 31 жастағы әйелдер интимдік қызмет көрсеткен.
Шырынның қызмет ақысы сағатына 1200 рубль тұрады екен.
Әйелдер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі мың рубль көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Жезөкшелер ордасының иесі үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.