АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ЭКСПО кезіндегі жезөкшелік төңірегіндегі жағдай туралы айтып берді.
"Бұл мәселені жарнамаламаймын. Бұл туралы хабарым жоқ, — деп жауап берді министрі Астанадағы ЭКСПО-ға көрші елдерден "махаббат пірлерін" әкелді деген қауесетке қатысты сұраққа. – ЭКСПО алдында Астана мен шекара маңы облыстарды шолып шыққанымызды атап өткім келеді. Біз қаланы "тазаладық". Бәлкім бір жерерде қатты кеткен болармыз".
Қасымов сондай-ақ Астанаға кіруге талаптардың күшейтілгенін хабарлады.
"Таяуда ғана қаланың ЭКСПО-ға дайындығы туралы хабарладық. Астанада қылмыстық бес айда 30 пайызға дерлік төмендеді. Әрине бұл көптеген полицейлердің санымен қол жеткізіледі. Барлық тіркелушілерді қазір тексеріп жатырмыз. Біз ол санатты тұлғаларды (жезөкшелер) да қамтыдық. Барлық үш жұлдызды қонақ үйлерде біздің қызметкерлеріміз бен тексеру бойынша шараларға тартылғандарға тола", — деді Қалмұханбет Қасымов.
Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көресі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтіп жатыр. Көрмеге 100-ден астам ел қатысып жатыр.